Президент Дін кеңесінің ашылу рәсіміне қатысты

Президент FETÖ-мен күрес кезеңін жариялады.

544041
Президент Дін кеңесінің ашылу рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Пенсильваниядағы науқастың сандырақтарын назарға алғандардың» алдын ала жапа шегуді мойындағанын білдірді.

Президент Анкарада өткен Дін кеңесінің ашылу рәсіміне қатысты.

Ердоған 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетінің басшысы Фетуллах Гүлен және ол басқарған құрылымның мақсаттарын ұзақ уақыт өзінің де байқамағанын атап көрсетті. Президент «көптеген жұмыстарын қолдамасам да баршаға жасаған жақсылықты оларға да істедік. Шеттетілген баршаны орталыққа жақындастыру үшін талпынысымыздан олар да пайдалансын дедік. Ел көлемінде және шетелдегі оқу мен жәрдем жұмыстары аясында, тіпті Алланың атын айтып жүргендері үшін жеңілдік жасадық» деді.

Президент мақсаттары тұңғыш рет 2013 жылы 17-25 желтоқсан күнгі төңкеріс әрекетімен әшкереленген ұйымға бағытталған күдіктілік кезеңінің 238 жазықсыз адам шәйіт болған 15 шілде күнінен бастап аяқталғанын, енді Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымымен (FETÖ/PDY) күрес кезеңінің басталғанын жариялады.

17-25 желтоқсан күнгі қабылданған шешімдер болмағанда, 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің тек қана Түрік қарулы күштері ішіндегі террористтер ретінде емес, полициясы, сот органдары және бюрократияның басқа құралдарымен одан үлкен қауіп ретінде ортаға шығатынын атап көрсеткен Ердоған «Бәріне қарамастан бұл опасыз ұйымның қылмыстарын мұның алдында әшкерелемегеніміз үшін өкініштімін. Бұл үшін әрі Раббымызға, әрі ұлтымызға беретін есебіміз бар екенін  білемін. Раббым да, ұлтым да бізді кешірсін» деді.



Ұқсас жаңалықтар