7 тамыз күні үлкен митинг болады

Стамбулда "Демократия және шәйіттер митингіне" президент те қатысады.

544086
7 тамыз күні үлкен митинг болады

Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет құрылымының 15 шілде күнші төңкеріс жасау әрекетінен кейін күн сайын демократияны «күзетуге» шыққан халықтың үлкен митингі 7 тамыз күні Стамбулда болады.

Митингке өнерпаздар, спортшылар,  актерлер, интернет феномендері,  радио журналисттерінен тұратын 500 атақты тұлға қатысады.

Митингке 5 миллион азаматтың да қатысатыны болжалып отыр.

Сол күні қоғамдық көліктер тегін қызмет беретін болады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының басшысы Бинали Йылдырым, Республика халық партиясы басшысы Кемал Кылычдароғлу және Ұлтшыл қозғалысы партиясы басшысы Девлет Бахчелині «Демократия және шәйіттер митингіне шақырған болатын.

Президент Ердоған мен премьер-министр Йылдырым қатысатын митингке Республика халық партиясы басшысы бір делегация жібереді.

Девлет Бахчели болса әлі жауап берген жоқ.



Ұқсас жаңалықтар