Джозеф Данфорд террористік төңкеріс әрекетін қатаң түрде айыптады

Йылдырым АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы Джозеф Данфордты Чанкая сарайында қабылдады.

542771
Джозеф Данфорд террористік төңкеріс әрекетін қатаң түрде айыптады

Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-тың төңкеріс әрекетіне қарсы ұстанымын ашық түрде ортаға қою керектігін атап айтты.

Йылдырым АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы Джозеф Данфордты Чанкая сарайында қабылдады.

Премьер-министр Данфордпен кездесуінде FETÖ-нің бағыттауымен 15 шілде күні жасалған төңкеріс әрекетінің түрік демократиясы және түрік ұлтына бүгінге дейін бағытталған ең үлкен қауіп екенін атап айтты.

Йылдырым мемлекет пен ұлттың бұл кезеңнен күшейіп шыққанын атап, Түркияның одақтасы АҚШ-тың бұл террорист төңкеріс әрекетіне қарсы ұстанымын ашық және тұрақты түрде ортаға қоюының маңызды екенін білдірді.

Премьер-министр Йылдырым кездесу барысында төңкеріс әрекеті жасағандарға қарсы жүргізілген тергеу кезеңінде демократиялық құқық мемлекеті ережелеріне бағыныштылықтан ауытқымайтындарын, АҚШ-тағы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүлен мен FETÖ мүшелерінің болса ең қысқа уақытта Түркияға кері қайтарылуын күткендерін жеткізді.

АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы Данфордтың болса 15 шілде күнгі опасыз террористік төңкеріс әрекетін қатаң түрде айыптағаны, бұл сапарын түрік үкіметі мен ұлтына ынтымақтастық ортаға қою мақсатты жүзеге асырғанын, АҚШ-тың Түркияның демократиялық жүйені толық қолдағанын және АҚШ мекемелерінің Түрік мекемелерімен ынтымақтастығын әскери салада болғандай, басқа салаларда да жалғастыратынын атап көрсеткені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар