Кельнде демократия митингі

Ердоғанның телеконференция арқылы сөйлеуіне тыйым салынуы наразылық туғызды.

541929
Кельнде демократия митингі

Еуропаның  түрлі елдерінде өмір сүретін түріктер "Төңкеріске қарсы демократия митингінде" бас қосты.

Германияның Кельн қаласында болған митинг түрік ұлттық ән ұраны мен неміс ән ұранының шырқалуымен басталды.

Артынан төңкеріс жасау әрекеті барысында шәйіт болғандармен қоса Париж және Мюнхендегі лаңкестіктерде қаза тапқандар үнсіз еске алынды.

Шамамен жүз ұйым қолдау көрсеткен митингте неміс және түрік тілінде ортақ декларация оқылды. Митингте екі мың жеті жүз полиция қызметкері қызмет атқарды.

Митингке Түркиядан Жастар және Спорт министрі Акиф Чағатай Кылыч, Егіншілік және мал шаруашылығы министрі Мехди Екер мен Әділет және даму партиясының депутаты Мұстафа Йенероғлу қатысты.

Сонымен қатар президент Режеп Тайып Ердоғанның  телеконференция арқылы митинг қатысушыларына үн қатуына Германия Атазаң соты тыйым салды.

Еуропалық Түрік демократтар одағының басшысы Зафер Сыракая "Құқық тұрғысынан  бұл шешім орынсыз. Саяси шешім екені анық" деді.  Сарыкая "Біз бұл шешімді қабылдамасақ та,  бағынуымыз керек" деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын тақырыпқа орай "Фетулахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның төңкеріс жасау әрекетін тойтарған ұлттың президенті ретінде Ердоғанның үндеуіне неміс жергілікті органдары мен Атазаң сотының  кедергі келтіруінің себебін білгіміз келеді " деді.

Бұрын террор ұйымдарының істері мен митингтеріне үнсіз қалған органдардың төңкеріске қарсы демократия митингіне күмән келтіруінің қабылданбайтынын білдірген Калын:" Қауіпсіздік шаралары демократия митингін ұйымдастырушыларға емес, террор ұйымы мен жақтастарына қарсы қолданылуы керек" деді.

 Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик те Германияның Кельн қаласында болған "Төңкеріске қарсы демократия митингінде" президент Ердоғанның үндеуінің телеконференция арқылы берілуіне тыйым салынуына деген наразылығын әлеуметтік желі арқылы білдірді.

Министр Челик шешімді "сөз бостандығы мен демократияны бұрмалау" деп атады.

Президент Ердоғанның сөздері сонда да митингке қатысушыларға оқылды. Төңкеріс әрекеті естілген бойда Германиядағы түрік азаматтарының да жүректері және дұғаларымен Түркияның жанында болғанын айтқан президент: " Германияда өздері тұратын қалаларда көшеге шығып, таңға дейін елдеріне қолдау көрсеткен бауырларыма алғыс білдіремін, тап қазір Кельнде демократия митингінде бас қосқан бауырларыммен арамыздағы көңіл байланысын,  жүрекке жететін жолды үзуге ешкімнің күші жетпейді. Ұлттық ән ұранымызда да айтылғандай,  ұлтымыз ең соңғы ошағы сөнгенге дейін тәуелсіздігінен бас тартпайтынын баршаға көрсетті" деді.



Ұқсас жаңалықтар