Танк пен тікұшақтары қолданылған барлық әскери базалар жабылмақ

Премьер-министр 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс бастамасына танк пен тікұшақ берген базаларды жабатындарын атап айтты.

540521
Танк пен тікұшақтары қолданылған барлық әскери базалар жабылмақ

Премьер-министр Бинали Йылдырым Фетуллахшы террор ұйымы паралеллді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс бастамасына танк пен тікұшақ берген барлық әскери базалардың жабылатынын атап айтты.

Бинали Йылдырым Анкараның Қазан ауданында азаматтарға үн қатты.

Йылдырым «Сіздердің жүрегі бірге соқты. Төңкерісшілер алдында тік тұрдыңдар. Қазір осынан Қазан алаңынан баршаға жариялаймын. Сатқындар ұялаған сол Акынджы басзасы жабылады және сол жер шәйіттерге естелік болатын бір жерге айналдырамыз» деді.

Премьер-министр Йылдырым «15 шілде күні Түркияның екінші үлкен ұлт азаттық күрестің атауы. 15 шілде күні жыл сайын ‘Демократия шәйіттері күні’ ретінде еске аламыз. Сол күні көшеге шықтыңыз, 15 күн өтті әлі көшеде, алаңдарда тұрсыңдар! Түркияға ие шығасыңдар, Қазанға ие шығасыңдар» деді.

Йылдырым «Анкарада және Стамбұлда танктер шығарылған, тікұшақтар ұшқан барлық базалар жабылады. Ұлтына қарсы танктерді жүргізгендер енді жүргізе алмайтын болады. Сол жерлер Анкара тұрғындарының уақыт өткізетіні арнайы жайлар болады. Танктер неге Анкара мен Стамбұлда? Дұшпанның жері белгілі» деді.

Премьер-министр Йылдырым Фетуллах Гүленді Түркияға кері қайтару тақырыбы жайлы «Мынаны біліңіз, бұл әзіз отанды, бұл әзіз ұлтты бөлшектеуге еш қандай күші жетпейді. Бұл төңкеріс бастамасының жауаптысы АҚШ-тағы сол террорист басшысын міндетті түрде Түркияға алып келеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар