Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Языджы ТРТ-ге сұхбат берді

Әділет және даму партиясы төраға орынбасарлары ТРТ-ге зиярат жасады.

539735
Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Языджы ТРТ-ге сұхбат берді

Әділет және даму партиясы төраға орынбасарлары Хаяти Языджы, Мұстафа Аташ, Джевдет Йылмаз, Мехди Экер, Өзнұр Чалык, Эрол Кая, Шабан Дишли, Чиғдем Карааслан, Ведат Демирөз және Әділет және даму партиясы әйелдері төрағасы Лүтфийе Селва Чам ТРТ-ге зиярат жасады.

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Хаяти Языджы 15 шілде "Ұлт" Студиясында ТРТ Хабер арнасының тікелей эфиріне қатысып мәлімдеме жасады.

Тарихта Түркияда төңкерістер болғанын, бұл төңкерістердің алғашқы нысанасының ТРТ екенін және осынан қоғамды қорқыту және төңкерісті сіңіруді мақсат еткен декларациялар оқылғанын атап көрсеткен Языджы «Бұл жолы да осы жерді нысанаға алды. Бірақ ТРТ басқа мүмкіншіліктерді де пайдалана отырып, бәлкім арнайы телеарналармен байланыс жасап, әртүрлі арналармен мұның ұзаққа созылуын алдын алды. Қысқа уақыттан кейін өз эфирлеріне көшті» деді.

Министр Языджы президент Режеп Тайып Ердоғанның тапқан мүмкіншілікпен қоғамға үн қатып, ұлтты егемендік құқына ие шығу үшін төңкерісшілерге қарсы көтерілуге шақырғанын, премьер-министр Бинали Йылдырымның бірдей шақыруды тастаған соң ұлттың одан көп толқынып, көшелерде төңкерісшілерге аяқастынан демократиялық шеруді көрсеткенін білдірді.

Түркия Республикасының бір құқық мемлекеті екенін атап көрсеткен Языджы адамдар жасаған қылмыстық әрекеттермен байланысты міндетті түрде жауапқа тартылатынына назар аударды.

Түрік қарулы күштерінен төңкеріс бастамасына қатысқандар жайлы жасалған мәлімдемелер жайлы Языджы «Армия біздің армиямыз, Түрік ұлтының армиясы. Кімдердің осы төңкеріске әрекет жасағаны, бұл бастамада кімдердің қандай роль атқарғаны анықталып әжептеуір тазаланды, белгілі болды» деді.

Армияның бұл аурудан бұл себепті тазалануының ұлттың армиясы болғаны себепті түрік ұлты тұрғысынан бір жетістік екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар