Министр Чавушоғлу БҰҰ Бас Хатшысымен әңгімелесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның телефон дипломатиясы жалғасуда..

538981
Министр Чавушоғлу БҰҰ Бас Хатшысымен әңгімелесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Фетуллахшы террор ұйымы Паралеллді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан телефон дипломатиясы жалғасуда.

Қазірге дейін 50-ге жақын елдің сыртқы істер министрімен әңгімелескен Чавушоғлу соңғы рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Пан Ги Мунмен әңгімелесті.

Әңгіме барысында төңкеріс бастамасы мен кейінгісіндегі кезең қолға алынды.

Пан Ги Мун әңгімеде төңкеріс бастамасы құрбандары үшін көңіл айтты.

Чавушоғлу БҰҰ Бас хатшысына төңкеріс бастамасының артынан басталған заңдық кезең жайлы мағлұмат берді.

Чавушоғлу жауапкерлерінің сот жолымен жазаланатынын және бұл тақырыпта Еуропа Кеңесі сияқты халықаралық мекемелермен ынтымақтастық жасалғанына назар аударды.

Төтенше жағдай шешімі жайлы да ақпарат бөліскен Чавушоғлу кезеңнің халықаралық заңдар аясында жүргізілгенін атап, кейбір Еуроодақ мемлекеттерінің де ұқсас шешімдері бар екеніне назар аударды.

Министр Чавушоғлу Еуроодақ Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты Жоғары өкілі және Еурокомиссия төраға орынбасары Федерика Могаринимен де әңгімелесті.



Ұқсас жаңалықтар