АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Акарға телефон шалды

Әңгіме барысында Түркиядағы АҚШ әскери базаларының электр мен жанармай мәселелесі күн тәртіпке келді.

538966
АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Акарға телефон шалды

Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар және АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Джозеф Данфорд телефонмен әңгімелесті.

Әскери ақпарат көздеріне қарағанда АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы Данфорд Фетуллахшы террор ұйымы Паралеллді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан Хулуси Акарға телефон шалғаны білдірілді.

Хулуси Акар алдында сөйлесе алмағаны Данфордқа күн тәртібінің тығыздығы себепті 2 күннен кейін жауап қайтарды. Данфорд Акарға жақсы тілектерін білдірді.

Данфорд болса Инжирлик және Диярбакырдағы әуе базаларына электр мен жанармай тасымалдауларының тоқтатылғанын атап көрсетті.

Әңгіменің артынан мәселе шешілді. АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы Данфорд алғысын білдіру үшін Акарға екінші рет телефон шалды.



Ұқсас жаңалықтар