Президент Ердоған неміс «Ard» телеарнасына сұхбат берді

Президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс бастамасын түсіндірді.

537597
Президент Ердоған неміс «Ard» телеарнасына сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақ мүшесі елдерде «жоқ» деп өлім жазасының басқа елдердегі болмысын көрместен келе алмайтындарын атап, «Демократияларда соңғы сөзді халық сөйлейді. Біздің халқымыз өлім жазасын қалайды, бұған көзімізді жұма алмаймыз. Мәжіліс мұндай шешім қабылдайтын болса, мен де бекітемін» деді.

Президент Ердоған неміс «Ard» телеарнасында Фетуллахшы террор ұйымы параллелді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан жаңалықтармен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Президент Ердоған «Міндетіңіздің ең қиын кезі осы ма еді?» деген сұраққа, мұның алдында ешбір төңкерістің мұндай жасалмағанын және ұшақтардан бомбалар атылып жасалған төңкерістің үлгісі жоқ екенін атап, «40 жылдық саяси өмірімнің ең маңызды сәті болды» деді.

«Бұл төңкеріске қарсы өте жақсы дайындалған секілдісіз» деген пайымға да бұл төңкеріс бастамасының 30-40 жылдық дайындық кезеңі бар екенін айтқан Ердоған құқық органдары және полиция ұйымында кімнің не екеніне 14 жылда назар аударғандарын, құпия ақпарат пен мойындаулармен де кездескендерін білдірді.

Қазіргі таңдағы тергеу мен тұтқындаулардың бір төңкеріс бастамасына қатысты екенін атап көрсеткен президент бұл шараларды заңсыз деп атаудың дұрыс еместігін айтты.

Германияның әр түрлі қалаларында болған шабуылдарға қайғырғанын атап көрсеткен Ердоған террор шабуылдарын Ислам сөзімен теңестіруге болмайтынын атап айтты.

Президент Түркияның террормен күреске қосқан үлесі жайлы бір сұраққа әр қашан бұл күрестің ішінде екендерін атап көрсеткен Ердоған «Мен мұсылманмын. Халқының көпшілігі мұсылман болған бір елдің президентімін. Террордан 40 жылдан бері зардап шеккен бір елдің басшысымын. ПКК, ПЙД және ДАИШ-ке қарсы күресеміз. Мен бұл террористтерді талап еткен кезде канцлер Меркель ‘сот процесі жалғасуда’ дейді. Террор тақырыбында тіл, дін, нәсілшілдік жасалмауға тиісті» деді.



Ұқсас жаңалықтар