Министрлер Кеңесі жиналысында маңызды шешімдер қабылданды

Министрлер Кеңесі президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Анкарада жиналды.

537662
Министрлер Кеңесі жиналысында маңызды шешімдер қабылданды
boğaziçi köprüsü'ndeki askerler, polise teslim oldu

Премьер-министр Бинали Йылдырым Жандармерия және Теңіз қауіпсіздігі қолбасшылықтарын Ішкі істер министрлігіне бағындыру жайлы заң жобасының дайындалатынын атап, «Қажетті барлық мекемелік құрылымдарда жұмыстар жалғасады» деді.

Йылдырым президенттік сарайда президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жиналған Министрлер Кеңесі жиналысы жайлы мәлімдеме жасады.

20 шілде күні мемлекеттің өзіне жариялаған төтенше жағдай шешімін жүзеге асыруда кезкелген бір мәселе жоқ екенін атап айтқан премьер-министр мақсаттың Фетуллахшы террор ұйымы параллелді құрылымымен (FETÖ/PDY) күрес жылдамдықпен жалғасқанын және нақты нәтиже алатындарына назар аударды. Министрлер кеңесінде Бұғазичи көпірінің атынан бұдан кейін 15 шілде Шәйіттер көпірі деп өзгертілетінін атап айтқан Йылдырым Стамбұл мен Анкарада шәйіттер үшін ескерткіш салынатынын да атап көрсетті.

Бастама күні түнде шәйіт болғандардың жақындары мен ардагерлер үшін мемлекеттік банктерде есепшот ашылғанын да атап көрсеткен премьер-министр осылайша бұл жанұяларға жәрдем жасала алатынын атап көрсетті.

Премьер-министр «Төңкеріс бастамасымен мемлекетімізге тізе бүктіретіндерін ойлағандар тағы бір рет жаңылысты. Ұлтымыз 2023 нысаналарына қол жеткізу үшін жұмыстарын тұрақтылықпен жалғастырады» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Министрлер кеңесі алдында Республикашыл халық партиясы және Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшыларының да қатысуымен президент Режеп Тайып Ердоғанмен бас қосқандарын еске салды және атазаңға бір қатар реттеу енгізу тақырыбында келіскендерін білдірді.

Йылдырым басшылар арасында жаңа атазаң тақырыбында да келісім бар екенін және бұған қатысты кезеңнің басталғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар