Ердоған мен Путин Санкт-Петербургте бас қосады

Басшылар 9 тамыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бас қосады.

537853
Ердоған мен Путин Санкт-Петербургте бас қосады

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин 9 тамыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бас қосады.

Түрік-орыс ынтымақтастығында жаңа бір кезеңнің басталуымен жүзеге асатын бұл алғашқы кездесумен байланысты экономика министрі Нихат Зейбекчи Ресейдің бас қаласы Мәскеуде байланыстарын жалғастырған вице-премьер Мехмет Шимшекпен мәлімдеме жасады.

Ресей премьер-министр Аркадий Дворковичпен оңаша кездескен Шимшек екі ел ынтымақтастығымен байланысты мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің 9 тамыз күні Санкт-Петербургте бас қосатынын білдірген Шимшек «Ынтымақтастығымызды жетілдіріп, 24 қарашаның алдындағыдай ең жоғары деңгейге тасығымыз келеді» деді.

Орыс соғыс ұшағы 24 қараша күні Сирия шекарасында түрік әуе кеңістігін бұзып, түрік F-16 соғыс ұшақтары тарапынан құлатылған болатын.

24 қараша күні орыс ұшағының құлатылуының артынан бұзылған ынтымақтастық президент Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путиннің өзара әңгімелесуі және артынан екі ел сыртқы істер министрлерінің Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық жиналысы себепті Ресейдің Сочи қаласында бас қосуларымен қалпына түсе бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар