"АҚШ Гүленді қайтаруы керек"

Ибрахим Калын Нью-Йорк Таймс газетіне «Төңкеріс басшысы есеп беруі керек» атты бір мақала жазды.

536844
"АҚШ Гүленді қайтаруы керек"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Фетхуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнді қанды төңкеріс әрекетіне жауапты Фетхуллах Гүленнің Америка Құрама Штаттарынан қайтарылуы керектігін білдірді.

Ибрахим Калын Нью-Йорк Таймс газетіне «Төңкеріс басшысы есеп беруі керек» атты бір мақала жазды.

15 шілде төңкеріс әрекетінің театр екенін алға тартудың 11 қыркүйектің АҚШ тарапынан жүзеге асырылғаны қауесеті секілді орынсыз екенін білдірген Калын төңкерісті жоспарлаушылардың түсініктемелері және өздерінен алынған айғақтардың төңкерістің басшысының Гүлен екенін көрсеткенін атап айтты.

Ибрахим Калын FETÖ-ға мүше мемлекеттік қызметкерлердің қызметтен босатылуының да Түркия Республикасын одан да мықты және ашық қылатынын айтты.

Террор ұйымының 1980 жылдардан бері бейбітшіл ағартушылар секілді қозғалғанын,  алайда әрдайым бір қана жақтарының болғанын меңзеген Калын әділет жүйесіне және қауіпсіздік органдарына кіріп,  жүйені өз мүдделеріне қолданғандарын жазды.

АҚШ-тың екі ел арасындағы келісімге орай Фетхуллах Гүленді Түркияға қайтаруы керектігін атап көрсеткен президенттік аппараттың баспасөз хатшысы АҚШ-тың осы адамның Америка заңдарын пайдаланып,  түрік әділетінен қашуына көмектеспеу керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар