Президент Ердоған алаңдардағы азаматтарға үн қатты

Президент 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының үкімет, ұлт және Түрік Қарулы Күштерін нысанаға алғанын атап айтты.

536147
Президент Ердоған алаңдардағы азаматтарға үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының үкімет, ұлт және Түрік Қарулы Күштерін нысанаға алғанын атап айтты.

«15 шілде күнгі қарулы бастаманы иман күшімен тойтарған қасиетті ұлтым» деп үн қатқан президент "азаматтарымыз және сатқындарды қолға түсірген қауіпсіздік күштерімізге алғысымды айтамын" деді.

Алаңдарда оңшыл-солшыл, алави-сүннит емес, Ұлт азаттық соғыстағы секілді жалпы Түркия, бүкіл халықтың шыққанын атап айтқан Ердоған болашақтың, хақ пен еркіндіктердің, демократияның қасында орын алғаны үшін баршаға алғысын айтты.

Азиядан Африкаға дейін қолдауларын жеткізген елдердің барлығына алғыс айтып, оқиға кезінде шәйіт болғандарға Алладан рақымшылық тіледі. Президент шетелдегі азаматтарымыздың үлесінің де ұмытылмас екенін білдірді.

Инвестиция және жобаларлық қаржы ережелерінің жалғастырылатынын, 2023 нысаналарына күш жұмсалатынын атап көрсеткен Ердоған «Сол үшін сатқындарды қозғайды. ПКК бәлесі мен тармағының (PYD) Сирияда пайда болуы, ДАИШ-тің елімізге шабуылдауы, әскери форма киген террористтердің төңкеріс бастамасының себебі де осы» деді.

Түркия азаматтарының үстіне бомба жаудырған сатқындарға қажетті жазаны беретін күшке ие екенін атап көрсеткен президент Ердоған шәйіттердің қанын жерде қалдырмауға кепілдік берді.



Ұқсас жаңалықтар