Президент Ердоған Германиядағы шабуылды айыптады

Президент Ердоған неміс әріптесіне жедел хат жолдап, Германиядағы қанды шабуылды айыптады.

535963
Президент Ердоған Германиядағы шабуылды айыптады

Президент Ердоған Мюнхендегі қарулы шабуыл себепті Герамния Федералды Республикасы президенті Йохаим Гаукқа жедел хат жолдады.

Ердоған жедел хатта қарулы шабуылдың араларында түрік азаматтары да бар көптеген жазықсыз адамның қаза табуы және жарақат алуымен нәтижеленуіне қатты қайғырғанын атап айтты.

«Бұл қанды шабуылды қатаң түрде айыптаймын және лағынеттеймін» деген Ердоған Гаукқа жолдаған хатында «Ұзақ жылдардан бері сансыз террор шабуылы мен қақтығыстың нысанасы болған Түркия көптеген азаматымыз өмір сүрген Германияның қайғысын бөліседі. Түркия дос және одақтас Германиямен бұл қиын күнде ынтымақтастық пен қолдауын ортаға қояды. Ұлтым мен өзім атынан қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, жаралыларға жедел шипа тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар