Демократия шерулері ел көлемінде жалғасуда

Түркияның 81 қаласында демократия шерулері жалғасуда.

533343
Демократия шерулері ел көлемінде жалғасуда

Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) төңкеріс бастамасына қарсы президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен алғашқы күннен бері алаңдардан шегінбеген азаматтар Түркияның 81 қаласында демократия шерулерін жалғастыруда.

Анкарада демократия шеруі кешкі уақытта қайтадан басталды.

Жұмыс уақытының аяқталуымен мыңдаған адам қолында түрік байрақтарымен Қызылай алаңында жиналды.

Басқа жағынан Бештепедегі президенттік сарай төңірегінде кешкі уақытта сандары артқан азаматтар Ұлт мешітінде де намаз оқиды. Намаздың артынан төңкеріс бастамасында шәйіт болғандар үшін Құран оқылып дұғалар етіледі.

Стамбұлда болса төңкеріске қарсы шыққан мыңдаған адамның қатарына өнер әлемінің танымал тұлғалары мен радио бағдарламашылары да қатысты.

Кысыклыда президент Ердоғанның үйі алдында жиналған азаматтар өнерпаздардың да қатысуымен төңкеріске қарсы шығып демократияны жақтағандарын қайталады.

Сарачханедегі демократия шеруіне Стамбұл муниципалитет басшысы Кадир Топбашта қатысты.



Ұқсас жаңалықтар