Түркияның Кувейт әскери атташесі тергеуге алынды

Сауд Арабиясында ұсталған әскери атташе Микаил Гүллү Анкара ғаәкелінді.

532189
Түркияның Кувейт әскери атташесі тергеуге алынды

Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) төңкеріс бастамасымен байланысты тергеу аясында Сауд Арабиясында тергеуге алынған Түркияның Кувейт әскери атташесі Микаил Гүллү Анкараға әкелінді.

Сауд Арабиясы қауіпсіздік күштері тарапынан тергеуге алынған Гүллү әуежолымен әкелінді.

Гүллү Эсенбоға әуежайында Анкара полиция басқармасын террормен күрес бөлімшесі топтарына өткізілді.

Гүллү FETÖ-нің төңкеріс әрекеті тергеуі аясында жауапқа тартылады.

FETÖ төңкерісімен Машина және химия өнеркәсібі мекемесіне Бас директор ретінде тағайындалуы жоспарланған Гүллү Кувейттен Даммам король Фадх әуежайы арқылы транзит өтіп, Сауд Арабиясына бара жатқан кезде Сауд Арабиясы қауіпсіздік күштері тарапынан тергеуге алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар