Ішкі істер министрінің мәлімдемесі

Ефкан Ала түрік халқының бір төңкеріс бастамасына қалай тойтарыс берілетінін әлемге көрсеткенін айтты.

530681
Ішкі істер министрінің мәлімдемесі

Ішкі істер министрі Ефкан Ала түрік халқының бір төңкеріс бастамасына қалай тойтарыс берілетінін әлемге көрсеткенін айтты.

Ала Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ешкімнің халықтың ерік-жігерін елемей қала алмайтынын айтқан министр азаматтарды бүгін кешке де көшеде болуға шақырды.

Мемлекеттік органдардың инициативаны қолында ұстап тұрғанын айтқан Ала «Бірақ тәуекелді қолдан тастамау керек.  Мәжілісіміз де бомбаланды.  Адамдыққа жатпайтын шабуылдар көрдік.  Абай болу керек» деді.

Қажетті шаралардың қолданылғанын атап көрсеткен Ішкі істер министрі сөздерін «Ұлтымызға алғыс борышымыз бар» деді.

Қолдарына түрік байрақтарын алған жүздеген азамат Мәжілістің алдына жиналды.



Ұқсас жаңалықтар