Бөлшектеуші террор ұйымына соққы

Ұйымның ауыз жүзіндегі жауаптысы «Сабри Башкале» лақап атты террорист Фетхи Шарлатан жарақат алды.

529108
Бөлшектеуші террор ұйымына соққы

Ұйымның ауыз жүзіндегі жауаптысы «Сабри Башкале» лақап атты террорист Фетхи Шарлатан Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағындағы операцияда ауыр жарақат алды.

Әскери хабар көздерінен алынған мәліметке қарағанда 28 мамыр күнгі операцияда бөлшектеуші террор ұйымының Ішкі істер министрлігінің «іздеудегі террористтер» тізімінде баста келген басшыларының бірі Шарлатан нысанаға алынды.

Операцияда ауыр жарақат алған Шарлатан аймақтағы ауруханаға жеткізілді. 

Мешіт,  мектеп және аурухана секілді мемлекеттік ғимараттарға принцип ретінде операция жүргізбеген қауіпсіздік күштері жаралы террористі ауруаханада бақылауға алды.

Жағдайының ауыр болуына орай бөлшектеуші террор ұйымы мүшелері тарапынан әрдайым аурухана өзгерткен Шарлатанның соңғы ауруханадан шықпауы оның өлген болуы ықтималын арттырды.

Соңғы үш жылда әсіресе Оңтүстік шығыс Анадолыдағы қала мен аудандарда шұңқыр қазып, баррикадалар дайындалуы,  қолдан жасалған жарылғыштар қолданып,  аймаққа қару мен оқ-дәрі жеткізу жоспарларын жүргізген Шарлатанға жүргізілген әскери операция ұйымда үрей туғызды.

Ұйымның Шарлатаннан кейінгі маңызды тұлғалары Экрем Гүней мен оның орынбасарына табысты операция жүргізіліп, екі террорист осы операцияларда өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар