Президент Ердоған айт намазының артынан мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күрестің бар қарқынымен жалғасатынын білдірді.

524100
Президент Ердоған айт намазының артынан мәлімдеме жасады

Ердоған айт намазын Стамбұл Аташехирдегі Мимар Синан мешітінде оқыды.

Айт намазының артынан журналисттерге мәлімдеме жасаған Ердоған күн тәртібіндегі тақырыптарға тоқталды.

Ататүрік әуежайындағы террор шабуылымен байланысты соңғы тергеуге алынғандар санының 30-ға ұласқанын атап көрсеткен Ердоған «Бұл ұсталғандармен бірге келешек жайлы көптеген ақпаратқа қол жеткізіле алады. Біз қол жеткізген ақпараттар аясында бұл жағдайды одан да тереңдетпекпіз» деді.

Шабуылшылар жайлы сөз қозғаған президент «Шабуылдаушылар арасында Дағыстаннан да бар, Қырғызстаннан да бар, Тәжікстаннан да бар. Яғни көрші Солтүстік кавказ елдерінен болғандар өкінішке орай бұл шабуылмен байланысты. Оқиға әрине толығымен ДАИШ төңірегінде, олардың әдістерімен жүргізілген бір кезең. Тақырыпты терең тінту үстіндеміз» деді.

Ресеймен де байланыстарды бағалаған Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен «Үлкен 20 тобы елдері саммиті» алдында Сочиде басқосуы мүмкін екенін атап айтты.

Ердоған Мысырмен ынтымақтастықтар тақырыбында да «Мысырлық бауырларымызбен мәселеміз жоқ. Мәселе толығымен басшылармен» деді. Ердоған Мысырда күнәсіз адамдар туралы дарға асу шешімдері қабылданғанын еске салып, үстелде қабылданған шешімдерді қолдамағанын білдірді.

Сауд Арабиясында жасалған террор шабуылдарын бағалаған Ердоған «Шабуылдарды кім жасағаны белгісіз. Бірақ Үлкен бір апаттан Алла сақтады» деді.



Ұқсас жаңалықтар