Ердоған жеделхат жолдап Ирактағы шабуылды айыптады

Президент Ердоған 167 адам қаза тапқан Бағдаттағы шабуылға орай Ирак халқына көңіл айтты.

523461
Ердоған жеделхат жолдап Ирактағы шабуылды айыптады
bağdat saldırı.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактағы бомбалы шабуылдың қайғы мен қиыншылығын ең жақсы түсінетін елдің Түркия екенін атап көрсетті.

Ердоған Ирактың астанасы Бағдатта 167 адам қаза тапқан, 185 адам жарақат алған бомбалы шабуылмен байланысты жасаған жазбаша мәлімдемеде дос және бауырлас Ирак еліндегі шабуылдарды Түркия және түрік қоғамы атынан қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Ердоған бұл қанды шабуылда қаза тапқандардың жанұялары мен Ирак халқына көңіл айтты.

Әр қашан болғандай бұл қайғылы күндерінде де Ирак халқына қолдау беретіндерін атап айтқан Ердоған «Түркия ретінде қайсы тектен, нанымнан және қауымнан болмасын бір тұтас болып қабылдағанымыз Ирактың қайғысы мен қиыншылығын ең жақсы түсінетін ел Түркия. ДАИШ атты қанды террор ұйымы қысқа уақыт бұрын елімізде де 45 жазықсыз адамның қаза тапқаны бір шабуыл ұйымдастырды. Бұл ұйым исламның аты мен мұсылмандық атауын пайдаланып, дінімізге үлкен зиян келтірді. Исламды қорлаған бұл ұйымға қарсы баршамыз жаппай күресуіміз керек. Террор ұйымдарына қолдау берудің ешқандай заңдылығы болуы мүмкін емес» деді.

Ердоған «Осы үшін біз батыс елдерін, әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінен бастап баршаны нақты ұстаным қоюлары тақырыбында ескертеміз» деді.

Ердоған Ирак елбасы Фуад Масум және премьер-министрі Хайдар эл-Абадиге Ирак халқына жеделхат жолдап көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар