Ердоған мен Путин телефонмен әңгімелесті

Мәлімдемеде ынтымақтастықты қайта қалған жерден жандандыруға көзқарас білдірілді.

520898
Ердоған мен Путин телефонмен әңгімелесті

Президент Ердоған мен Ресей президенті Путин телефонмен әңгімелесті. Тақырып жайлы президенттік ақпарат көздері мәлімдеді.

Екі басшының бетпе-бет кездесуге келіскені атап көрсетілген мәлімдемеде «Екі басшы да ынтымақтастықты реттеу тақырыбында келісті» делінді.

Әңгіме барысында ынтымақтастық шараларына қоса, терроризммен ортақ күрес тақырыбында да тұрақтылық қайталанды.

Путин Ердоғанмен сөйлескен соң «Түркиямен ынтымақтастықта жаңа бір парақ ашатын уақыт келді» деді.

Ресей президенті Владимир Путин Ататүрік әуежайындағы террор шабуылы себепті Түркияға көңіл айтты.

Кремль жасаған мәлімдемеге қарағанда екі басшының әңгімесінде террорға қарсы күресте одан жақын бір ынтымақтастыққа қажеттілік бар екені атап көрсетілді.

Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға бағытталған туризм саласындағы санкцияны жою үшін тапсырма бергені атап көрсетілген мәлімдемеде сауда қарым-қатынастарға қоса, Түркиямен ынтымақтастық шараларын арттыру үшін үкіметті тағайындағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар