Ердоған азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдеріне үн қатты

Президент ең үлкен табыстарының мемлекет пен ұлттың бүтіндесуі екенін атап көрсетті.

515750
Ердоған азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдеріне үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған ең үлкен табыстарының мемлекет пен ұлттың бүтіндесуі екенін атап көрсетті.

Ердоған президенттік сарайда берілген ауыз ашарда Азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдеріне үн қатты.

Ердоған кейбір азаматтық қоғам мекемесі сияқты көрінген құрылымдардың мемлекет пен ұлт бүтіндесуіне мазасызданғанын білдірді.

Азаматтық қоғам мекемесі сияқты көрінген, алайда жаман жұмыстар мақсат еткенін, адамдарды нанымдар, тектер және салт-дәстүрлері арқылы бір-бірімен қақтығыстырғысы келгенін атап айтқан Ердоған қайда бір жара байқаса, сол жерді шұқып одан көп қан ағызып, жараны гангренаға айналдыруға тырысқанын атап көрсетті.

Айналасындағыларды құтыртқандардың бірдей адамдар екенін атап айтқан Ердоған «Әрқайсысы жетік провокатор, бірақ енді олардың кім екені ортаға шықты. Оларға қазір бағынған онша адам қалмады» деді.



Ұқсас жаңалықтар