Премьер-министр АҚШ президентінің орынбасарына телефон шалды

Биналия Йылдырым Байденге телефон шалып АҚШ халқына көңіл айтты.

511900
Премьер-министр АҚШ президентінің орынбасарына телефон шалды

Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ президентінің орынбасары Джо Байденге телефон шалып, Флорида штатының Орландо қаласында болған террор шабуылын айыптады.

АҚШ үкіметі және халқына көңіл айтып, ынтымақтастық тілегін жеткізген Йылдырым әңгіме барысында террормен күрес жүргізген және террорға көптеген азаматын құрбан еткен Түркияның АҚШ халқының қайғысын түсінгенін және бөліскенін білдірді.

Террордың діні, ұлты және мәзхабы жоқ екеніне назар аударған Йылдырым бұл бағытта Түркияның ДАИШ, ПКК/ПЙД/ЙПГ-ге қоса барлық террор ұйымдарымен ықпалды түрде күрес тақырыбында тұрақты екендерін атап көрсетті.

Байден болса тілектері үшін Бинали Йылдырымға алғысын білдірді. Түркияның АҚШ-тықтардың қайғысын ең жақсы түсінетін жағдайда екенін атап айтқан Байден террордың кезкелген бір дін немесе ұлтпен теңелмеу тақырыбына қосылғанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар