«Көп ұлтты арнайы жасақтар жаттығуы - 2016» Түркияда болып өтті

Әскери жаттығуға Түркия, Әзірбайжан, Болгария және Грузия арнайы жасақтары қатысты.

509844
«Көп ұлтты арнайы жасақтар жаттығуы - 2016» Түркияда болып өтті

Түркия, Әзірбайжан, Болгария және Грузияның таңдаулы әскерлерінен құралған арнайы жасақтары Ыспарта Эғридир Тау жасақтары оқу-жаттығу орталығы қолбасшылығында 6-12 маусым күндері арасында әскери жаттығу өткізді.

«Көп ұлтты арнайы жасақтар жаттығуы - 2016» елдердің арнайы жасақтары арасында ақпарат және тәжірибе бөлісуді қамтамасыз ету, бірге жұмыстану және ортақ операция жоспарлау қабілетін арттыруды мақсат етеді. Жаттығу бағдарламасының сатылары  қаланың әртүрлі жерінде жүзеге асырылды.

Биылғы жаттығуда жасақтардың батальон деңгейінде ортақ және бірігіп жоспарлау қабілетінің жетілдірілуі, әскери бөлімдер деңгейінде болса тактикалық шабуыл, су жасақтары операциясы, әуе шабуылы операциясының техникалық және тактикалық ережелері мен терминдерін қалыптастыру нысанаға алынды.

«Көп ұлтты арнайы жасақтар жаттығуы 2016» ға Құрлық күштері қолбасшылығы құрамындағы Тау жасақтары оқу-жаттығу орталығы қолбасшылығы мен Құрлық әуе күштері қолбасшылығына қоса, Әзірбайжан, Болгария және Грузия арнайы жасақтары қатысты.



Ұқсас жаңалықтар