Шемдинлиде 2 қарауыл шәйіт болды

Үзүмкыран ауылына күзету жұмысына бара жатқан қарауылдар террористтердің шабуылына ұшырады.

507685
Шемдинлиде 2 қарауыл шәйіт болды

Хаккари Шемдинлиде ПКК-лық террористтердің шабуылы нәтижесінде 2 қарауыл шәйіт болды, 1 қарауыл жарақат алды.

Үзүмкыран ауылында күзету жұмысына бара жатқан қарауылдарға террористтер тарапынан шабуыл жасалды.

Шыққан қақтығыста қарауыл Ахметжан Демиржан мен Эсхет Йешил шәйіт болды, Тефик Фырат жарақат алды.

Жаралы қарауыл Шемдинли мемлекеттік ауруханасында емделуде.

Аймақта әуеден қолдау берілген операциялар басталды.



Ұқсас жаңалықтар