Президжент Ердоған Мұхаммед Алидің жаназа рәсіміне қатысады

Президент Ердоған АҚШ-қа аттанды.

507034
Президжент Ердоған Мұхаммед Алидің жаназа рәсіміне қатысады

Президент Режеп Тайып Ердоған 3 маусым күні дүниеге көз жұмған және аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Алидің жаназа рәсіміне қатысу үшін АҚШ-қа барды.

Президент Ердоған АҚШ-қа аттанбастың алдында Анкара Эсенбоға әуежайында жасаған мәлімдемеде Мұхаммед Алидің матчтардың ғана емес, көңілдердің де чемпионы екенін атап, «Оның әр сөзі, әр жұдырығы, әр жеңісі Африкадан Азияға миллиардтаған бейшараға үміт болды, күш берді» деді.

Нәсілшілдікке және бөлшектеушілік алдында құтты бір күрес жүргізгеніне назар аударған президент Мұхаммед Алидің «Алладан байлық сұрадым, құдайға шүкір Ол маған Исламды берді» деген сөзінің аса маңызды екенін атап айтты.

Мұхаммед Алидің мұсылмандықты қабылдаған соң ортаға қойған ұстаныммен елінде көптеген адамның мұсылман дінін таңдауына септігін тигізгенін айтқан Ердоған «Әсіресе 11 қыркүйек террор шабуылының артынан өртсөндіргіш каскаларын басына киіп, ‘Ислам қанішер діні емес, Ислам бейбітшілік діні’ деп, естен кетпейтін бір ұстаным ортаға қойған болатын» деді.

Сапары аясында жаназа рәсіміне қатысатын шетелдік басшылармен оңаша кездесетінін атап көрсеткен Ердоған жақын тарихта АҚШ-қа көшіп, Чикаго аймағына орналастырылған Ахыска түріктері және аймақ мұсылмандарымен ауызашарда бас қосатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар