Премьер-министр Германияның достық сынағынан өтіп жатқанын айтты

Бинали Йылдырым Германияның негізінде шынайы достық сынағынан өтіп жатқанын атап айтты.

502603
Премьер-министр Германияның достық сынағынан өтіп жатқанын айтты

Премьер-министр Бинали Йылдырым Германияның негізінде шынайы достық сынағынан өтіп жатқанын атап айтты.

Әділет және даму партиясы орталық ғимаратында Кеңейтілген қалалық басшылар жиналысында сөз алған Йылдырымның күн тәртібінде Германия парламентінде бүгін дауысқа салатын 1915 жылғы оқиғалармен байланысты заң жобасы бар болатын.

Премьер-министр «Германия нағыз бір достық сынағынан өтуде. Бұл негізінде тек қана біздің мәселеміз емес, Германияның да мәселесі. Біздің сол жерде азаматымыз ретінде түрік текті 3,5 миллион сайлаушысы бар. Неміс экономикасына 40 миллиард евро үлес қосатын, 400 мың жұмыс орны бар. Миллиондаған адамға ас пен нан қамтамасыз еткен осыншама үлкен бір қоғамды өкінішке ұшыратуға неміс достарымыздың хақы жоқ деп ойлаймын» деді.

Йылдырым «Кейде «досымыз» деп қабылдаған елдер ішкі саясатта бейшара күйге ұшырағанда ‘назарды қай жерге аударсақ екен’ деп мұндай жарқын пікірлермен ортаға шығады, бұл да олардың бірі» деді.

Террормен күрес тақырыбына да назар аударған Йылдырым «Бұл террор топтары қаруларын жерге көміп, үстіне бетон атып, бұл елден кетпейінше бұл күрес тұрақтылықпен жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар