Президент Ердоған Путиннің мәлімдемесін бағалады

Президент Африка сапары алдында баспасөзге мәлімдеме жасады.

501580
Президент Ердоған Путиннің мәлімдемесін бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің бір ұшқыштың қателігіне бола, Түркиядан айырылуға дейін барған ниетінің ойландыратын жағдай екенін атап айтты.

Президент Ердоған 3 күнге жалғасатын Африка сапары алдында Аднан Мендерес әуежайында баспасөзбен жиналыс өткізді.

Ресей президенті Владимир Путин «ынтымақтастықты реттегісі келгендерін дегенмен алғашқы қадамды Түркияның басу керектігі» жайлы мәлімдеме жасаған болатын.

Бұл мәлімдеме жөнінде Түркия-Ресей ынтымақтастығын бағалаған Ердоған «Бізден қалайша алғашқы қадам күтілуде мұны түcіне алмай отырмын. Біз Түркия ретінде қылмыскер орындығында отырған бір ел емеспіз. Ресеймен ынтымақтастықты да бұзғысы келген біз емес едік.

Құрметті Путинмен біздің ынтымақтастығымыз мүлдем басқа бір сатыда болған. Екі жақсы достың бұл жағдайға душар болуы  бір ұшқыш жасаған қателік немесе кемшілігіне орай Түркия сияқты үлкен бір елді пида қылуы ойландырады. Біз осында Ресеймен ынтымақтастығымызды қайта жетілдіруді, қайтадан басқа бір тұғырға көтеруге талпынуымыз керек деп ойлаймын. Бұл қиыншылықтардың тез арада шешіліп, Түркия мен Ресейl34 соңғы 10 жылда басқан қадамдары қалған жерінен жалғасар» деді.



Ұқсас жаңалықтар