"ДАИШ Исламға қара дақ жағып отыр"

Ибрахим Калын TRT World телеарнасына арнайы мәлімдеме жасады.

501144
"ДАИШ Исламға қара дақ жағып отыр"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын террор ұйымы ДАИШ-тің лаңкестіктерін Ислам үшін жасағанын айтуының нанымдарға қара дақ жаққанын айтты.

Ибрахим Калын TRT World телеарнасына террор ұйымы ДАИШ, YPG және азаматтық соғыс жалғасып жатқан Сирия жөнінде арнайы мәлімдеме жасады.

ДАИШ-тің Сирия соғысындағы екі құбыжықтың бірі екенін және лаңкестіктерінің адамдыққа жатпайтынын айтқан Калын: «Бұларды Ислам атынан жасап отырғандарын айтулары болса әлемдегі миллиондаған адамның нанымына қара дақ жағады» деді.

Калын АҚШ-тың PKK-ны террор ұйымы ретінде қабылдап,  Сириядағы оның жалғасы YPG-ні болса террор ұйымы ретінде мойындамауының қарама-қайшылығына тоқталды.

YPG-нің АҚШ және Ресейден көмек алып отырғанын да атап көрсеткен Калын: «Осы актерлердің барлығының бірден YPG-ні қолдау жөнінде келісуін қалай түсінуге болады? кімге қарсы?» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы құрылған коалицияның табыссыздығының себептеріне де тоқталды. Ибрахим Калын «Осындағы сұрақ мынау: ДАИШ-ке қарсы құрылған, Еуропа және АҚШ сынды халықаралық актерлерді қамтыған халықаралық бір коалиция бар. Бұл жақсы ұйымдасқан коалиция. Алайда қазірге дейін ұйымды ықпалсыздандыру және жою тұрғысынан табысты деп айта алмаймыз.  Себебі менің ойымша, ДАИШ-ті жоюға жеткілікті түрде шоғырланбай отырмыз» деді.

Калын бес жылдан бері соғыс жалғасып, 500 мыңнан астам адам қаза тапқан Сирияда Асад әкімшілінің террор ұйымы ДАИШ-ті өзін қорғау үшін бір құрал ретінде қолданғанын да айтты.



Ұқсас жаңалықтар