Снаряд келіп құлады

5 адам жараланды.

499188
Снаряд келіп құлады

Сириядан атылған үш миномет снарядының Түркияның Килис қаласы Елибейли ауданына құлауы нәтижесінде 5 адам жараланды.

Азаматтық соғыс жалғасып жатқан Сириядан атылған минометтер аудан орталығындағы бір үйдің бос жеріне келіп құлады.

Оқиғада төңіректегі кейбір ғимараттардың терезелері де сынды.

Жаралы азаматтар Килис мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.


Этикеттер: #Килис , #Сирия , #миномет

Ұқсас жаңалықтар