Ердоған Еуроодақтың Түркия үстанымын сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Кері қабылдау келісімімен байланысты Еуропа елдерін сынға алды.

497270
Ердоған Еуроодақтың Түркия үстанымын сынға алды

Ердоған Бүкіләлемдік гуманитарлық саммит аясында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен ұйымдастырған ортақ баспасөз жиналысында Еуроодақтың Түркияда босқындар үшін беруді уәде еткен қолдауды кешіктіруіне наразылық көрсетіп, «Түркия сый күтпейді. Мұны ашық айттым. Біз дұрыстық күтеміз» деді.

Түрік азаматтарына виза еркіндігі үшін шарт қойылған террор заңы өзгерісі сияқты ережелерге қатаң наразылық көрсеткен Ердоған «Түркияға қарсы әлі шарттар қоятын болсаңыз, кешіріңіз. Осыған шектеулі шыдамдылық көрсете аламыз. Кейін Түркия да өз нақты шешімін қабылдайтын болады. Нақты шешім қабылдаған соң ‘ары қарай сіз ойланыңдар’ деп айтамыз» деді.

Шарттармен байланысты Түркияның министрлер деңгейінде Еуроодақ лауазымдыларымен келіссөздер жүргізілетініне назар аударған Ердоған «Бұл келіссөздерден нәтиже шықпаған жағдайда, Түркия парламентінің кері қабылдау келісімін іске қосу кезеңіне бағытталған қадам басуымен тиісті шешім, заң жобасы шықпайды. Бізге қайта қайта шарт қоймасын, бұл жер Түркия» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған виза жеңілдігі үшін жүргізілген екіжүзді стандартты да сынға алып, «Латын Америка виза сұрай ма? Олар еркін келеді, визасыз Еуроодақ елдерін аралайды, ал Түркиядан неліктен виза сұрайсыңдар» деді.



Ұқсас жаңалықтар