Түркияның жаңа үкіметі белгілі болды

Түркия Республикасының 65-ші үкіметінде орын алатын тұлғалар анықталды.

496726
Түркияның жаңа үкіметі белгілі болды

Түркия Республикасының 65-ші үкіметінде орын алатын тұлғалар анықталды.

Президент Режеп Тайып Ердоған үкіметті құруға міндет берген Әділет және даму партиясы төрағасы Бинали Йылдырым ұсынған кабинет тізімі бекітілді.

Осыған орай Нуман Куртулмуш,  Нуреттин Жаникли, Туғрул Түркеш,  Мехмет Шимшек және Вейси Кайнак вице-премьерлер ретінде қызмет атқарады.

Жаңа кабинетте Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші болатын тұлға – Өмер Челик.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса міндетін жалғастырады.

65-ші үкіметте жалғыз әйел министрі болса Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрлігіне тағайындалған Фатма Бетүл Саян болды.

Жаңа үкімет бағдарламасы Түркия мәжілісінде оқылғаннан екі күннен кейін өтетін дауысқа салудан кейін міндетін бастайды.



Ұқсас жаңалықтар