Қырым сүргінінің 72 жылдығы Стамбұлда протест етілді

Қырым татарлары сүргінінің 72 жылдығын протест етуге жиналған ереуілшілер Ресей консулдығына қара гүл шоғы қойды.

493788
Қырым сүргінінің 72 жылдығы Стамбұлда протест етілді
kırım dayanışması istanbul.jpg

Қырым татарлары сүргінінің 72 жылдығы Стамбұлда ұйымдастырылған шерумен протест етілді.

1944 жылы Кеңес Одағы жасаған жер аударуды протест еткен қалың жұрт Истиклал даңғылында жиналып, Ресей консулдығына қарай шеруге шықты.

Қолдарында түрік және Қырым байрақтары бар қалың жұрт ұрандармен Ресейді протест етті.

Сүргін кезінде шәйіт болғандар үшін оқылған дұғаның артынан Түркия және Қырым ұлттық әнұрандары шырқалды.

Шеруге қатысқандар Eurovision Ән байқауында бірінші орын алған және Қырым сүргіні тақырыпты Жамаланың «1944» атты әнін бірге шырқады.

Сүргінді және Қырым түріктерінің күресін түсіндірген баяндамалардың артынан Ресей Бас консулдығы ғимараты алдына қара гүл шоғы тасталды.

Кейін Галатасарай лицейінің алдына дейін жалғасқан шеру осында шам шырақтармен Қырым байрағымен Қырым картасын сызды.



Ұқсас жаңалықтар