Министр Бозкыр Еуроодақтың өкілетті елшісін қатаң сынға алды

Еуроодақ министрі өкілетті елші Хансжөрг Хабердің ‘неміс сияқты және түрік сияқты’ сөздерін сынға алды.

490978
Министр Бозкыр Еуроодақтың өкілетті елшісін қатаң сынға алды

Еуроодақ министрі және бас келіссөзші Волкан Бозкыр Еуроодақ Түркия делегациясы төрағасы Өкілетті елші Хансжөрг Хабердің сөздерімен байланысты «Еуроодақтың бұл неміс өкілетті елшісі ‘неміс сияқты және түрік сияқты’ деп нені айтқысы келгенін түрік қоғамына түсіндіруге міндетті» деді.

Бозкыр әлеуметтік интернет парақшасынан жасаған мәлімдемеде Анкарадағы Еуроодақ өкілетті елшісі Хансжөрг Хабердің баспасөзге жасаған мәлімдемеде өкілетті бір елшіге жараспайтын сөздер қолданғанын атап көрсетті.

Бозкыр «Еуроодақтың бұл неміс өкілетті елшісі ‘неміс сияқты және түрік сияқты’ деп жатқанда нені айтқаны келгенін түрік қоғамына түсіндіруге міндетті. Ешбір дипломат және әсіресе өкілетті елші міндет атқарғаны елдің президентіне былай сөйлей алмайды. Бір өкілетті елші қызмет атқарған ел мен адамдарының абыройын таптауға, президентіне артық сөз айтуға құқылы емес. Бұл дипломатияның ең бірінші ережесі. Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары »

Мұндай дипломатиялық қателіктері және Түркияға жоғарыдан, болымсыз қарауды көтере алмайтындай маңызды бір кезеңнен өтіп жатады. Неміс болумен мақтанған Еуроодақ өкілетті елшісі Хабердің қазір не бұл тақырыпта мәлімдеме жасауын, не болмаса ‘дипломаттықтың керегін’ орындауын күтемін» деді.

Еуроодақ Түркия делегациясы басшысы өкілетті елші Хансжөрг Хабер бір топ журналистке түрік азаматтарына виза жеңілдігі жасаумен байланысты мәлімдемеде «Еуроодақтың виза жеңілдігі үшін Түркияның алдына салған 72 ереженің 2013 жылдан бері белгілі екенін атап, «Бір мақалымыз бар. Түрік сияқты бастап, неміс сияқты аяқтау» деген осында керісінше болды» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар