"Сирия мен Иракта мың 300 ДАИШ-тік террористің көзін құрыттық"

Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Хулиси Акар террордың әлемге бағытталған ең үлкен қауіп екенін атап айтты.

488735
"Сирия мен Иракта мың 300 ДАИШ-тік террористің көзін құрыттық"

Хулуси Акар Стамбұлдағы 10-шы Балкан елдері Бас Штаб Басқармасы төрағалары конференциясына қатысты.

Акар «Ешбір заңдылығы жоқ террорға қарсы бірге күресуіміз керек» деді.

ПКК террор ұйымымен күресте тұрақтылықтың жалғасатынын атап көрсеткен Акар ПЙД/ЙПГ террор ұйымының ПКК-ның Сирия тармағы екенін атап айтты. Генерал Акар бұл екі ұйымының бір-бірімен байланыста  екенін білдірді.

Акар «ПКК бір жақтан жазықсыз халықты өлтіріп жатса, басқа жақтан халықаралық қоғамда өзіне заңдылық алуға тырысуда» деді.

Террор ұйымы ДАИШ-пен күреске де тоқталған генерал Акар Түркияның 2013 жылы ДАИШ-ті террор ұйымы ретінде жариялағанын және сол кезден бастап оларға қарсы террормен күрес жүргізгенін білдірді.

Акар қонақ Бас Штаб төрағаларына террормен күрес процессі жайлы «Түрік қарулы күштері ретінде Сирия мен Иракта қазірге дейін мың 300 ДАИШ-тік террористің көзін құрыттық. Көптеген ауыр қару, зымыран, бекініс, көлік және ғимарат толығымен жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар