Президент Ердоған Еуроодақты екіжүзділікпен айыптады

Президент Ердоған Анкара сауда палатасында ұйымдастырылған жиынға қатысты.

489425
Президент Ердоған Еуроодақты екіжүзділікпен айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақтың террор ұйымы ПКК-ға қарсы ұстанымын сынға алып, «Еуроодақ Түркия Республикасы мемлекетінің орнына террор ұйымын өзіне серік қылуға риза болса, біз үшін мәселе жоқ. Өйткені біз террор ұйымына қай көзбен қарайтын болсақ, олардың идеологияларын жақтағандарға да бірдей көзбен қарайтын боламыз» деді.

Ердоған Анкара сауда палатасының "Congresium" залында ұйымдастырылған «Түрік саяси тарихында отандық және ұлттық басқару жүйесі» тақырыпты бағдарламаға қатысты.

Ердоған бағдарламада Еуроодақтың террормен күрес тақырыбындағы ұстанымына наразылық көрсетіп, «Килис пен Халебті назарға алмағандарды бізде назарға алмау құқына иеміз. Әсіресе Еуроодақ органдары мен кейбір елдердің Түркияның террормен күрес мәселесіне қарсы қазіргі ұстанымы және бұл ұстаным алдында не одақтастары, не болмаса ақылақпен ұйқаспайтын құрылымдармен келісуіміз мүмкін емес. Өздеріне лайықты, біз үшін люкс деген жұмыстары ашық айтқанда екіжүзділік» деді.

Бангладеште Жамағат-и Ислами басшысы Матиур Рахман Низамидің дарға асылуы да Ердоғанның күн тәртібіне келді.

Низамидің осы жазаға лайық емес екенін атап айтқан Ердоған дарға асу жазасының орындалуына үнсіз қалған Еуроодаққа «Кәне сендер дарға асу жазасына қарсы едіңдер!» деп наразылық көрсетті.

Түркияның ДАИШ-пен күресін жалғастырғанына назар аударған президент Ердоған шекараның арғы жағында Сирияда террористтер қоныстанған алаңды тазалау үшін қажетті дайындықтарды жасағандарын, бірақ одақтас елдердің әсіресе аймақта қарулы күшке ие мемлекеттердің қажетті қолдауды бермегенін атап айтты.

Жаңа атазаңды жазу жұмыстары мен президенттік жүйе тақырыбына да тоқталған Ердоған «Ерте, не кеш ұлттың алдына бұл жаңа атазаң келеді. Президенттік жүйе де халыққа ұсынылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар