Ердоған Хорватияда

Ердоған Түркияның босқындарға қақпасын жаппайтынын тағы бір рет қайталады.

478924
Ердоған Хорватияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның босқындарға қақпасын жаппайтынын тағы бір рет қайталады.

Ресми байланыстармен Хорватияға барған Ердоған Загрептегі Президенттік сарайында Хорватия президенті Колинда Грабар-Китаровичпен кездесулер өткізді.

Кездесулерден кейін баспасөз алдына шыққан президент Ердоған босқындар тақырыбына тоқталды.  «Түркияға келгендерге есігімізді жаппадық. Бұдан былай да жаппаймыз. Осы тақырыпқа батыстың жағымды көзқараспен қарауы керек деп ойлаймын» деді ол.

Босния және Герцоговинамен байланысты да Ердоған Түркия мен Хорватияның Боснияның болашағына байланысты жауапкершілікті бөлісетінін білдірді.

Екі ел арасында қылмыстарға байланысты келісім және Түркия Радио Теледидары корпорациясы мен Хорватия Мемлекеттік телеарнасы арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар