Президент Бакуде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған нәсілшілдікке қарсы бірігіп жұмыстанбаса, террормен күрес болмайтынын айтты.

478432
Президент Бакуде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған нәсілшілдікке қарсы бірігіп жұмыстанбаса, террормен күрес болмайтынын айтты.

Ердоған Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде «БҰҰ Өркениеттер Альянсы 7-ші Жаһандық форумының» ашылу салтанатына қатысты.

Ердоған сөйлеген сөзінде Өркениеттер Альянсының табысына қарамастан, құрылу мақсатына жетуден аулақ екенін білдірді.  «Бізді Өркениеттер Альянсын құруға итермелеген қате пікірлерді, адамдарды,  нанымдарды,  тамыр мен мәдениеттерді ажырататын түсінікті өкінішке орай шеше алмадық. Радикал ағымдар және осы ағымдар қолдау берген террормен күресте бізден күтілген бірігіп күресуді жеткілікті түрде көрсете алмадық» деді ол.

Президент Ердоған Сирия,  Ирак,  Нигерия, Франция, Пәкістан, Түркия, Бельгия және Испанияда бомбалардың бірінен соң бірі жарылғанын, осы қайғыны ортақ ұстаным,  ортақ іске айналдыра алмағандарын атап көрсетті.

Қантөгіс атмосферасын ортаға шығарған саяси қақтығыстарға, әділетсіздіктерге және теңсіздіктерге шара таба алмағандарын, қақтығысты тудырған себептермен күресте ең ықпалды қарулардың бірінің айырмашылықтардан асып,  өзара түсінік және диалогты жетілдіру екенін әлемге қабылдаттыра алмағандарын айтты. Ердоған бөлінудің орнына келісім мәдениетінің келуі керектігі тақырыбында ортақ түсінікке келе алмағандарын айтты.

Сириядағы проблемаларға да тоқталған президент елде азаматтарды бомбалап өлтірген террористтің басқарып отырғанына назар аударды.

Президент «Асадты қызыл кілем төсеп қарсы алғандар жауапты емес пе? Айла нәресте теңізде тұншығып өлгенде адам баласы «не істеп отырмыз?» дей бастады. Ал ол кезге дейін қайда болдыңыз? Алты жылдан бері Сирияда адам өліп жатыр. Тек Эгейде, Жерорта теңізінде теңізде аман алып қалған адам саны 100 мыңға жетті. Біз оларды өлімнен құтқардық. Қазір елімізде 3 миллион босқын бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар