ПКК террор ұйымы табысқа жете алмағанын мойындады

Нусайбинде 14 наурыз күні басталған операцияларда қазірге дейін 220, Шырнакта 190-ға ұласты.

471171
ПКК террор ұйымы табысқа жете алмағанын мойындады

Хаккаридің Юксекова ауданындағы ПКК-лық террористтердің өзара рация арқылы жасалған әңгімесінде «өзін басқару әкімшілігі» бастамасының табысқа ұласпағанын мойындады.

ПКК-ның Шырнак, Диярбакыр, Мардин және Хаккари қала орталықтары мен аудандарында қазрге дейін жүздеген мүшесі өлтірілді.

Қауіпсіздік күштері аймақтың үлкен бөлігін ПКК-лық террористтерден тазалады.

Тазаланған аймақтарда жүргізілген іздестіру жұмыстарында көптеген қару-жарақ қолға түсті.

Кешегі операцияларда Шырнакта 7, Мардиннің Нусайбин ауданында 6 террорист өлтірілді.

Шырнакта сондай-ақ Қалалық полиция директорлығында қызмет еткен және ПКК террор ұйымына әртүрлі көмек жасағаны алға тартылған 2 қарауыл тұтқындалды.

Аталмыш қарауылдардың жұмыс уақытынан кейін ПКК террор ұйымы қақтығысқан көшелерде күзету жұмыстары істегені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар