Ибрахим Калын күн тәртібімен байланысты баспасөз жиналысы өткізді

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы күн тәртібінің маңызды тақырыптарын бағалады.

468883
Ибрахим Калын күн тәртібімен байланысты баспасөз жиналысы өткізді

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын неміс телеарнасында президент Режеп Тайып Ердоғанды нысанаға алған әдепсіз мазмұнды күлдіргі бағдарламасын дайындаған Йан Бөхмерман қарсы қозғалған қылмыстық істі жақыннан қадағалайтындарын атап көрсетті.

Мұның неміс заң органдары тарапынан жүргізілетін бір кезең екенін атап көрсеткен Ибрахим Калын «Дегенмен мынаны айту керек, бір елдің президентіне және бір халықты нысанаға алып, мұндай әдепсіз мазмұнды ерсі сөздер қолдану арқылы жасалған шабуылдардың сөз еркіндігімен ешқандай байланысы жоқ. Әлемнің қай жеріне барсаңыз бұл қорлау және қылмыс болып табылады» деді.

Ибрахим Калын баспасөз жиналысында күн тәртібімен байланысты бағаландыру жасады. Сирия тақырыбында Швейцарияның Женева қаласындағы келіссөздерде ЙПГ/ ПЙД сияқты террорист ұйымдардың әрі майданда, әрі саяси түрде үстелге отыруы тақырыбында Түркияның ұстанымының ашық және нақты екенін атап көрсеткен Калын бұлардың Сирия режимі мен бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-мен ынтымақтастық жасағанына назар аударды.

Ресейдің Сирияның Халеб қаласындағы операциялары арқылы аталмыш ұйымдарға жолды ашқанын еске салған Ибрахим Калын Мәскеу әкімшілігін сынға алып, «Бір жақтан 'қақтығыстар тоқтасын' деп бүкіл халықаралық қоғамның үлесі және қолдауымен бір келісім жасайсыңдар, басқа жақтан да Халебте, Идлибде және басқа да аймақтарда ДАИШ-ке қарсы күресеміз» сылтауымен операцияларды ары қарай жалғастырасыңдар» деді.

Мәлімдемеші Калын Түркияның Халебтен келуі күтілген жаңа көш толқынымен байланысты уайымдардың әлі жалғасқанын білдірді.

Калын Израильмен жалғасқан келіссөздер жайлы бір сұраққа болса «Келіссөздер жалғасуда. Түркияның шарттары белгілі. Әлі кезкелген бір мәтін жайлы келісім жасалған жоқ. Газа секторында гуманитарлық тіршілік шарттарын қамтамасыз ету тақырыбында табандылығымызды ортаға қойдық. Палестинаға бағытталған қоршау мен 49 жылдық Палестина басқыншылығын жою керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар