Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Финляндияда

Премьер-министр Финляндия сапары алдында баспасөзге мәлімдеме жасады.

465667
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Финляндияда

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Финляндияның Түркияның Еуроодақ мүшелігіне ашық түрде қолдау берген бір ел екенін тілге тиек етті.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Финляндия премьер-министрі Юха Сипиляның шақыруымен түнгі уақытта сол елге аттанды.

Ахмет Давутоғлу сапары аясында алдымен әріптесі Юха Сипилямен бас қосты.

Бас қосуда премьер-министр ретінде алғаш рет Финляндияға барғанын атап айтқан Давутоғлу сириялық босқындарды еліне қабылдағаны себепті Сипиляға алғысын айтты.

Давутоғлу мен Сипиля делегацияаралық кездесу және жұмыс асының артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Давутоғлу Түркия-Финляндия дипломатиялық ынтымақтастығының 90 жылдығы екеніне назар аударып, екі ел арасында кезкелген бір келісімсіздік жоқ екенін атап айтты.

Экономикалық салада екі ел арасында көптеген мүмкіншіліктер бар екеніне назар аударған премьер-министр «Сауда көлеміміз 1,3 миллиард доллар. Мұны 3 немесе 5 миллиард долларға дейін жеткізе аламыз» деді.

Түркияда үлкен бір нарық болғанын және Финляндияның технологиялық инфрақұрылымы бар екеніне назар аударған Давутоғлу екі ел арасындағы ынтымақтастықтың экономикалық қарым-қатынастарға жаңа бағыт беретінін білдірді.

Давутоғлу Финляндияға террорға қарсы Түркиямен жасаған ынтымақтастығы мен босқын дағдарысының шешімі жөнінде Түркия мен Еуроодақ арасында қол қойылған келісімге берген толық қолдауы үшін алғысын білдірді.

Давутоғлу босқындар жайында «Финляндия үкіметі мен халқына Түркиядан босқын қабылдағандары үшін алғысымды айтамын. Босқын тақырыбы тек қана Еуроодақтың немесе Таяу Шығыстың мәселесі емес. Гуманитарлық бір тақырып. Босқындар ішкі соғыс пен шабуылдаушы бір режим және террористтердің құрбандары. Осы себептен де одан көп кеңес пен ынтымақтастық жасауға қажеттілік бар» деді.

Ахмет Давутоғлу Финляндия сапары аясында парламент төрайымы Мария Лохеламен бас қосып, президент Саули Нийнисте тарапынан қабылданады.

Давутоғлу Астана Хельсинкидегі байланыстары аясында Түрік-Фин іскерлерімен де бас қосады.

Сапары аясында екі жақты ынтымақтастықты жетілдіретін қадамдар қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар