«Жан Әзірбайжанның әр шәйіті біздің жанымыз, соққан әр жүрек біздің жүрегіміз»

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Әзірбайжанға қолдауды қайталады.

465204
«Жан Әзірбайжанның әр шәйіті біздің жанымыз, соққан әр жүрек біздің жүрегіміз»

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Түркияның Арменияның шабуылшы және басқыншылығына қарсы Әзірбайжанмен иықтасуды ақыр заманға дейін жалғастыратындарын қайталады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) Әділет және даму партиясының күнделікті жиналысында сөз алған Давутоғлу Таулы Қарабахтағы майдан желісінде Арменияның шабуылымен басталған қақтығыс кезеңін жақыннан қадағалағандарын, бұл шабуылды лағынеттегендерін атап көрсетті.

«Жан Әзірбайжанның әр шәйіті біздің жанымыз, соққан әр жүрек біздің жүрегіміз» деген ДавутоғлуТүркияның Әзірбайжанның заңды күресіне бүгінге дейін болғандай, бұдан кейін де қолдауын жалғастыратынын атап айтты.

Премьер-министр «Таулы Қарабахқа қоса, жан Әзірбайжанның басқыншылық астындағы бүкіл жерлері құтылғанша біздер 78 миллион ретінде Әзірбайжанға қолдауымызды жалғастырамыз. Құдай қаласа бір күні жан Әзірбайжан да шекара тұтастығын қамтамасыз етеді. Өз тәуелсіздік және ұлт азаттық соғысын табыспен аяқтайды» деді.

Параллелді құрылым мен террор ұйымы ПКК-мен күреске де тоқталған Давутоғлу екеуінің арасында айырмашылық жоқ екеніне назар аударды.

Давутоғлу «Екеуі де мемлекетке және демократияға дұшпан. Екі ұйым да Түркияға тізе бүктіргісі келгендерге құлдық жасаушы қуыршақтар» деді.

Мүмкіндігінше Шығыс және Оңтүстік Шығыс қалаларына баратынын білдірген Давутоғлу 11 сәуір күні де Шанлыурфа қаласына баратынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар