"Террормен күрес жалғасады"

Ердоған: «Түркияның алдында үшінші жол қалмады» деді.

464878
"Террормен күрес жалғасады"

Президент Ердоған террористтердің я беріліп, әділеттің үкіміне разы болатындарын, яки өз тесіктерінде бір-бірлеп өлтірілетінін айтты.

Ердоған: «Түркияның алдында үшінші жол қалмады» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Қызылайының кезекті құрылтайында сөйлеген сөзінде терроризммен күрестің соңғы қауіп те жойылғанға дейін жалғасатынын айтты.

Террор ұйымы басшылары мен оларға қолшоқпар болғандар тілге тиек еткен келіссөз сөздеріне қатал наразылық білдірген Ердоған: «Келіссөзде талқылайтын нәрсе жоқ. Демократиялық бастама дедік, болмады. Ұлттық бірлік, бауырластық дедік, болмады. Шешім үдерісі дедік, тағы да болмады,. Біз шынайылықпен, игі ниетпен балама жолдарды жүзеге асыруға тырыстық, болмады» деді.

Терроризммен күрестің ел мен ұлтқа бағытталған соңғы қарудың үні өшкенге дейін, соңғы террорист өлтірілгенге дейін жалғасатынын атап көрсеткен президент мемлекеттің де, елдің де қауіпсіздік күштерін қолдайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар