Министр Чавушоғлу Түркияның бауырлас Әзірбайжанға қолдауын қайталады

Сыртқы істер министрі Анталия әуежайында журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

464254
Министр Чавушоғлу Түркияның бауырлас Әзірбайжанға қолдауын қайталады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның бауырлас Әзірбайжанға әрқашан қолдау беретіндерін атап айтты.

Чавушоғлу Анталия әуежайында журналисттердің Әзірбайжан-Армения майдан желісіндегі қақтығыстармен байланысты қойған сұрағына қайтарған жауабында «Тез арада бұл мәселе шешімін табу керек. Мәселе Әзірбайжанның шекара тұтастығы аясында шешілуге тиісті. Әзірбайжанның район дегеніміз 7 аймағы қазір Арменияның басқыншылығында. БҰҰ, Еуропа кеңесі, халықаралық шешімдер ортада және бұған қарамастан ешкім үндемей отыр» деді.

Таулы Қарабах мәселесіне де назар аударған Чавушоғлу «Минск үштігі не жұмыс істеп жатыр? Қазір Ресей мен АҚШ Франциямен осы мәселені шешкісі келсе бір аптаның ішінде шешімге қол жеткізе алады. Мәселе шешілмеген жағдайда, мұндай қақтығыстар жалғасады. Біз ешқашан қақтығысты жақтамаймыз, бейбіт жолмен шешілсін деп ойлаймыз. Әрине әрқашан бауырлас Әзірбайжанның қасында тұрамыз. Қашан, қай тақырыпта бізге қажет десе, Әзірбайжанға қолдау беруге дайынбыз» деді.

Әзірбайжанның да мәселені бейбіт жолмен шешуді қалағанын айтқан Чавушоғлу «Армения Әзірбайжанға шабуылын үздіксіз жалғастыруда. Әзірбайжан да әрине қару қолдану ережелерін іске қосады. Дегенмен бұл Әзірбайжанның қалауы емес, Әзірбайжан тез арада басқыншылық астындағы жерлерін кері қайтарылуын талап етеді және бейбіт жолмен алғысы келеді. Мұндай қақтығыстар ұзаққа бармай, бұл мәселенің шешілуіне тілектеспіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар