ПКК-ға қарсы операцияда 7 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды

Аймақтағы операцияларда 27 террорист өлтірілді.

463532
ПКК-ға қарсы операцияда 7 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болды

ПКК террор ұйымына бағытталған операцияларда Мардиннің Нусайбин ауданында 5 әскер мен 1 полиция, Шырнакта болса 1 әскер шәйіт болды.

Нусайбиндегі коменданттық сағаттың артынан террористтерді ұстау, тұзақталған жарылғыштарды жою, қазылған орларды жабу үшін Түрік қарулы күштері мен полиция тарапынан 14 наурыз күні басталған операция жалғасуда.

Ауданда террористтер тарапынан орналастырылған бомбаның жарылуы нәтижесінде 5 әскер мен 1 полиция қызметкері шәйіт болды, 4 полиция жарақат алды.

Шырнактағы операцияларда болса террористтердің қарулы шабуылында 1 әскер ауыр жарақат алды.

Әскердің ауруханада шәйіт болғаны білдірілді.

Хаккаридің Юксекова ауданында жасалған операцияларда болса екеуі жоғары лауазымды 17 террорист өлтірілді.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Мардиннің Нусайбин ауданында жалғасқан операциялар барысында 6, Шырнакта 4 және Хаккариде 17 барлығы 27 террорист өлтірілді.

Операцияларда 1 Калашников автоматты қаруы мен 1 рация қолға түсті. Қолдан жасалған 5 бомба болса жойылды.

Тунжели қаласында жалғасқан операцияларда болса 2 баспана мен көптеген жарылғыш материалы жойылды.



Ұқсас жаңалықтар