Мардинде 3 әскер шәйіт болды

Мардин мен Шырнактағы операцияларда 10 террорист өлтірілді.

457334
Мардинде 3 әскер шәйіт болды

Мардиннің Нусайбин ауданында қауіпсіздік күштерінің террор операциясында 3 әскер шәйіт болды.

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-лық террористтер тұзақтаған жарылғыштың жарылуы нәтижесінде 4 әскер де жарақат алды.

14 наурыз күні жарияланған коменданттық сағаттың артынан басталған операциялар үздіксіз жалғасуда. Ауданның Дижле мен Фырат аумақтарындағы қақтығыстар тығыздалды.

Басқа жағынан Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігін ұялаған террор ұйымына бағыттап әуе операциясы жасады.

Әуе операциясында Хакурк, Хафтанин, Авашин және Басян лагерлеріндегі террор нысаналары жойылды.

Қауіпсіздік күштері ел көлемінде де операцияларымен террористтерге тыныс алдырмауда.

Мардин мен Шырнактағы операцияларда 10 террорист өлтірілді.

Хаккаридің Юксекова ауданында жүргізілген операцияда бір ғимаратта террористтер тарапынан қолданылған жарылғыш материалдарды өндіріс орны қолға түсірілді.

Ғимараттағы 2 тонна аммоний нитраты мен 3 мың метр ұзындығында кабел жойылып, үлкен оқиғалардың алды алынды.

Қалада сондай-ақ террористтер Полиция басқармасы ғимараты мен Мұғалімдер үйіне пулемет және зымыранмен шабуылдады.

Шабуылда қаза тапқан не жараланған болмаса да, ғимараттарға материалды шығын келді.

Қауіпсіздік күштері шабуылдың артынан террористтердің ізіне түсті.

Басқа жағынан террористтердің Батман қаласында да бір мектепке бомбалы шабуыл жасағаны білдірілді.

Есік пен терезелері сынған мектеп шабуылының артынан қауіпсіздік күштері операция бастады.



Ұқсас жаңалықтар