Нусайбиндегі операцияда 1 әскер шәйіт болды

Үш қалада жүргізілген операцияларда 23 террорист өлтірілді.

455920
Нусайбиндегі операцияда 1 әскер шәйіт болды

Мардиннің Нусайбин ауданында бөлшектеуші террор ұйымына бағытталған операциялар жалғасуда.

Операцияларда қолдан жасалған бомбаның жарылуы нәтижесінде 1 әскер шәйіт болды, 6 әскер жарақат алды.

Бас Штаб Басқармасы интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеде Нусайбинде террор ұйымына бағытталған операция барысында бүгін террористтер тарапынан жолға орналастырылған бомбаның жарылуы нәтижесінде 1 әскердің шәйіт болғаны, 6 әскердің жарақат алғаны білдірілді. Ауруханаға жеткізілген жаралылардың емдері жалғасуда.

Басқа жағынан Хаккари Юксековада 12, Шырнакта 8 және Мардин Нусайбинде 3 барлығы 23 террорист өлтірілді.

3 қаладағы операцияларда қазірге дейін өлтірілген террорист саны 143-ке өсіп, көптеген қару-жарақ қолға түсірілді.



Ұқсас жаңалықтар