Иран Сыртқы істер министрі Стамбұлға жұмыс сапарымен келді

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф Сирияның бөлшектенуін қабылдамайтындарын атап көрсетті.

454436
Иран Сыртқы істер министрі Стамбұлға жұмыс сапарымен келді

Террор ұйымы шабуылымен көлеңке түсірген күн тәртібінде Стамбұл кеше маңызды бір қонағын күтті.

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф Стамбұлға келді.

Алдымен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен бас қосқан Джевад Зариф кейін президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Ахмет Давутоғлу тарапынан қабылданды.

Кездесулердің күн тәртібінде Сириядан бастап аймақтық жаңалықтар мен екі жақты экономикалық ынтымақтастық тақырыптары орын алды.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу ирандық әріптесі Зарифпен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында Сирия және экономикалық ынтымақтастықтарға назар аударды.

Түркияның Иранмен сауда көлемін 30 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алғандарын атап көрсеткен Чавушоғлу екі ел арасында туризм ынтымақтастығы нәтижесінде Түркияға жылына шамамен 1.7 миллион ирандық туристтің келгенін атап айтты.

Сирияда тұрақты атысты тоқтату үшін шешім ізденісі жалғасып жатқанда екі министр де Сирияда бейбітшілікке назар аударып, мақсаттарының осы екенін атап көрсетті.

Ирак пен Сирияның шекара тұтастығын бұзатын барлық шешімдерге қарсмы екендерін атап айтқан Зариф Сирияның келешегі жайлы барлық Сирия халқының шешім қабылдау керектігін білдірді.

Чавушоғлу болса аймақ мемлекеті ретінде Иранның үлесі болмай, Сирияда саяси шешімнің қабылдана алмайтынын дегенмен Түркияның да Ираннан бөлек Асад тақырыбында ұстанымының нақты екенін, бұдан кері қадам баспайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар