Президент ТИКА-ның жобалары рәсіміне қатысты

Ердоған террор оқиғаларының арғы жағындағы шындықтың Түркияға тізе бүктіруді мақсат еткенін атап айтты.

451914
Президент ТИКА-ның жобалары рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған террор оқиғаларының арғы жағындағы шындықтың Түркияға тізе бүктіруді мақсат еткенін атап айтты.

«Жүз жыл бұрын бұл жағрапияны бөлшектей алмағаны үшін есінен танғандар бүгін мұны орындауды армандайды» деген Ердоған «Көңіл бірлігіміздің бөлшектенуіне рұқсат бермейміз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) жобаларын таныту рәсіміне қатысты.

Қауіпсіздік күштерінің бөлшектеуші террор ұйымына қарсы ауқымды бір күрес жүргізгенін түсіндірген Ердоған ПКК, ПЙД және ЙПГ террор ұйымдарының қолындағы қарулардың Батыс елдері тарапынан қамтамасыз етілгенін атап айтты.

Бұл ұйымдардың кеңселерінің ел көлемінде ашылғанын және өкілдерінің сол жерден пайда көргенін атап көрсеткен Ердоған «Батыс әлемі осыларды қолдайды. Маңызды бір күрес жүргізгендеріне сенбейміз. Пәленше ұйымды террор ұйымы ретінде жариялау біз үшін онша маңызды емес. Оларға қарсы қандай күрес жүргізесіңдер? Қандай қысым жасайсыңдар? Қолға түскендерді тұтқындайсыңдар ма? Бұлардың қаржы көзі кімдер? Бұлардың бәрін білеміз және құжаттарымен бұларды ортаға қоямыз. Бізге шынайы ұстанымыңызды көрсетіңіздер. Егер де террор ортақ күресетін бір ұғым болса, осында шынайылығыңызды ортаға қойыңыздар. Бүгін бізге, ертең сізге қауіп төнетінін ұмытпаңыздар» деді.

ТИКА-ның әртүрлі жағрапияларда жүзеге асырған жұмыстарын жақыннан қадағалағандарын атап көрсеткен Ердоған Түркияның қазірге дейін 6,5 миллиард долларлық жасалған өркендеу жәрдемі бар екенін түсіндірді.

Мұның 2,5 миллиард долларының гуманитарлық жәрдемдер екенін айтқан Ердоған Түркияда қонақ болған сириялықтарға жасалған жәрдемдердің бұл сандық көрсеткіштен тыс қалдырылғанына назар аударды.

Президент «2013 жылы АҚШ пен Ұлыбританияның артынан 3-ші орында едік. 2014 жылы екінші орынға көтерілдік. Бұл жәрдемдер ұлттық табысқа қарағанда енді бірінші орында екенімізді көрсетеді» деді.

Кейін президенттік сарайда ауыл әкімдерін қабылдаған президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін қол сұғылмау тақырыбында жылдам қозғалуға шақырды.

Ердоған «Біз ортаға принцип қоюға мәжбүрміз. Бұл принцип қандай болуға тиісті? Менің күрд бауырымды, азаматтарды шеруге шақыру арқылы 50-52 адамның қаза табуына себеп болғандар, бұл елде террорға қолдау бергендер сотталмай бұл парламентте қорқыту әрекеттерін жалғастырып жатқанда, бұл ұлт бұларды тамашалап отыра ма? Басқа жағынан ПКК-ның, ПЙД-нің және ЙПГ-нің қолдауын ашық түрде алғандарын айтқандар бұл елде таза қала ма? Осыларға қарсы парламент қажетті ұстанымды ортаға қоя алмаса, бұл ұлт пен бұл тарих парламентті есепке тартады. Шәйіттер алдында есеп береді» деді.

Террор сияқты қауіптерге қарсы құрылатын бір «ұлттық коалицияға» қажеттілік бар екенін түсіндірген Ердоған «Келіңдер бұл үлкен келісімді, бұл үлкен ынтымақтастықты жылдам және қазір қамтамасыз етейік, жанымыз мен келешегімізге қол жұмсағандарды бірге жазалайық» деді.



Ұқсас жаңалықтар