Премьер-министр Тускты қабылдады

Давутоғлу ресми жұмыс сапарымен Анкараға келген Дональд Тускпен оңаша кездесуінің артынан баспасөзге ортақ мәлімдеме жасады.

451617
Премьер-министр Тускты қабылдады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу босқын дағдарысы тақырыбында Түркияның Еуроодаққа Брюссель саммитінде берген ұсынысының ақлақтық жауапкершілік аясында дайындалғанын атап көрсетті.

Давутоғлу ресми жұмыс сапарымен Анкараға келген Дональд Тускпен оңаша кездесуінің артынан баспасөзге ортақ мәлімдеме жасады.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу «Бұл ұсыныстың негізін гуманитарлық жағдай құрайды. Одан көп адамның Эгей теңізінде қаза таппауы және мүмкіндігінше заңсыз көштің алдын алу үшін Түркия өз жауапкершілігін орындау мақсатты бір ұсыныс жасады» деді.

Премьер-министр Түркияның ешқашан ақшамен саудаласпағанын атап көрсетті. Анкараның тұғырының нақты екенін атап айтқан Давутоғлу «3 миллиард евро ретінде аталған кейінгі 3 жылдың ішінде 6 миллиард евроға арттырылуы жоспарланған бұл тақырыптар да саммитте қолға алынады. Материалды шығынды бөлісу тақырыбында Түркияның ұсынысы ашық. Біз ешқашан ақшамен саудаласқан жоқпыз. Ешқандай бұл мәселені ақша мәселесі ретінде бағаламадық. Бұл мәселе біз үшін тек қана гуманитарлық бір мәселе» деді.



Ұқсас жаңалықтар